Accessibility links

Мәскеуде полиция ондаған мигрантты ұстаған


Мәскеудегі полиция қызметкерлері. (Көрнекі сурет.)
Мәскеудегі полиция қызметкерлері. (Көрнекі сурет.)

Мәскеудің Тихорецк бульварындағы сауда орталығы маңында ондаған адамды ұстаған. Сауда орталығындағы күзетші тәжікстандық жүк тасушыны соққыға жыққаннан кейін сәрсенбінің кешінде ол жерге жүзден аса еңбек мигранты жиналған.

Ішкі істер министрлігі өкілдері полиция сауда орталығы күзетшілері мен сол маңға жиналған адамдардың арасындағы төбелестің алдын алғаны туралы айтады.

ТМД мигранттары федерациясының президенті Каромат Шариповтың "Интерфакс" агенттігіне айтуынша, полицияға 250-ге жуық мигрант апарылған, олардың арасында зардап шеккен адамның туыстары да бар. Ал соққыдан миы шайқалған ол адамның өзі ауруханада жатыр.

XS
SM
MD
LG