Accessibility links

Астанада автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, бір бала мерт болған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Астана қаласында автобус пен жеңіл көлік соқтығысуы салдарынан бір бала опат болып, үш адам ауруханға жеткізілген. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews агенттігі хабарлады.

Полицияның дерегі бойынша, жол-көлік оқиғасы бүгін таңертеңгі сағат 10 кезінде болған. Абылай хан даңғылымен Пушкин көшесіне солға қарай бұрылмақшы болған жеңіл көлік қарсы бағытта келе жатқан автобуспен соқтығып қалған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көлікте отырған 2006 жылы туған бала жарақат алып, ауруханада қайтыс болды", - делінген полиция ақпаратында.

Апаттан автобустың үш жолаушысы әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған. Оқиға орнынан ауруханаға жеткізілген үшеуіне медициналық көмек көрсетілген соң, біреуін емдеуге жатқызып, екеуі үйіне қайтқан.

XS
SM
MD
LG