Accessibility links

БҰҰ-да ИМ қылмыстары туралы ақпарат жинайтын топ құрылды


Мосулдың шығысындағы ИМ-мен ұрыста қираған перзентхана. Ирак, 15 тамыз 2017 жыл.
Мосулдың шығысындағы ИМ-мен ұрыста қираған перзентхана. Ирак, 15 тамыз 2017 жыл.

БҰҰ-да "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының Иракта жасаған қылмыстары туралы ақпарат жинайтын арнайы сарапшылар тобы құрылды. Бұл жайындағы қарар жобасын Ұлыбритания Ирак билігімен бірлесіп дайындады. Құжатты 15 мемлекет, оның ішінде Ресей бірауыздан қолдады.

Сарапшылар тобында ирактық және халықаралық криминалист мамандар бар. Комиссияны БҰҰ бас хатшысының арнайы кеңесшісі басқарады. Сарапшылар содырлардың адамзатқа қарсы жасаған қылмыстары туралы айғақтар жинап, сақтайды.

"Ислам мемлекеті" Ирактың батыс және орталық бөлігінде бірнеше елді мекенді әлі бақылауында ұстап тұр. Соңғы айларда содырлар бірнеше рет жеңіліске ұшырап, біраз территориясынан айырылды.

XS
SM
MD
LG