Accessibility links

Ақмола облысында тікұшақ апатты жағдайда қонды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ақмола облысының Ақкөл ауданында "Тянь-шань" әуе компаниясының "Ми-2" тікұшағы апатты жағдайда қонды деп хабарлайды инвестиция және даму комитетінің азаматтық авиация комитеті. Оқиға 22 қыркүйек күні таңертең болған. Тікұшақта үш адам болған. Төтенше оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Қазақстанда соңғы айларда тікұшақ пен ұшақтардың құлауы мен төтенше жағдайға ұшырауы көбейді. 31 тамызда Ақтөбе облысының Шалқар ауданында тікұшақ құлап, бортында болған төрт адамға алғашқы амбулаториялық көмек көрсетілген.

25 тамызда Алматы облысының Балқаш ауданында екі кісілік шағын ұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапқан. 10 тамызда да Алматы түбінде ұшақ құлап, екі адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG