Accessibility links

Пхеньян: Тынық мұхитында сутегі бомбасын сынауымыз мүмкін


Солтүстік Корея ұшырған баллистикалық зымыран (Көрнекі сурет).
Солтүстік Корея ұшырған баллистикалық зымыран (Көрнекі сурет).

Пхеньян Тынық мұхитының түбінде сутегі бомбасын сынақтан өткізуі мүмкін деп мәлімдеді 21 қыркүйекте Нью-Йоркте Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Ли Ен Хо.

Оңтүстік Кореяның "Ренхап" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ли Ен Хо журналистермен әңгімесінде Пхеньян АҚШ президенті Дональд Трамптың ескертуіне сутегі бомбасын сынап жауап беруі мүмкін екенін айтты. Трамп БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында "Солтүстік Корея егер АҚШ-қа немесе оның одақтастарына шабуыл жасаса онда жер бетінен жойылып кетеді" деп ескерткен.

"Бәлкім, Тынық мұхитының түбінде сутегі бомбасын сынақ жасау жайын қарастырамыз" деді Ли Ен Хо. Бірақ ол Солтүстік Корея басшысының нақты не жоспарлап отырғанын білмейтінін айтты.

Америкалық Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, Тынық мұхитында орташа қашықтыққа арналған екі зымыран ұшырып, сутегі бомбасын сынаған Пхеньян бұл мәлімдемесі арқылы қоқан-лоққысын күшейтіп отыр.

XS
SM
MD
LG