Accessibility links

Тәжікстанда қаза кезінде дәстүрлі жоқтауға тыйым салмақ


Қаза кезінде жоқтау айтып тұрған тәжік әйелдері (Көрнекі сурет).
Қаза кезінде жоқтау айтып тұрған тәжік әйелдері (Көрнекі сурет).

Тәжікстанда жерлеу рәсімін өткізу және аза тұту тәртібі туралы жаңадан енгізілген ережені қызу талқылап жатыр.

Жаңа ереже бойынша, енді аза тұту рәсімі кезінде қатты айқайлауға, өз киімін жыртуға, бетін тырнауға және жоқтау айтушыны шақыртуға тыйым салу ұсынылған. Марқұмның туыстарына жылауға рұқсат етіледі, бірақ олар айқайлап жыламауы керек.

Жерлеу рәсімін өткізу тәртібін Тәжікстан исламтану орталығы, Үлемдер кеңесі және Дін істері жөніндегі комитеті анықтаған. Әзірге бұл құжат ұсыныс сипатында ғана шығарылып отыр. Бірақ егер елдің дәстүр және ғұрып салттарын реттеу туралы заңына түзетулер енгізілсе, ол міндетті ережеге айналуы мүмкін.

Дін істері жөніндегі комитетітң баспасөз хатшысы Афшин Муким жаңа ереженің басты мақсаты аза тұту рәсімдері мен еске алу шараларын ретке келтіру екенін айтады.

Жаңа ережеде сонымен қатар қабір қазу мен мәйітті жуу міндетін марқұмның туыстары уәкілетті мекеме өкілінің көз алдында атқаратыны айтылған. Сонымен қатар марқұмның үйінде түнде туыстары мен жақын туыстарынан өзге адамның қалуына болмайды. Кісі қайтыс болған үйде әйелдерге қара түсті киім киюге тыйым салынып, орнына көк түсті киімге рұқсат берілген.

XS
SM
MD
LG