Accessibility links

ААК: Әуе көліктеріне радиомаяк орнату міндеттеледі


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда ұшақтар мен тікұшақтардың иелерін әуе көліктеріне олардың апатты жағдайда қонғанын анықтау үшін раидомаяктар қоюға міндеттемек деді жұма күні Астанада өткен брифингте инвестиция және даму министрлігі азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Тоты Әмірова.

"Біз нормативтік-құқықтық актілер енгіздік. Ол бойынша, барлық тікұшақ пен ұшақтардың иелері әуе көліктеріне апатты жағдайда қонғанда немесе құлаған кезде іске қосылатын радиомаяктар орнатуы тиіс" деді Әмірова.

Оның сөзіне қарағанда, радиомаяктар іске қосылғанда олардан шыққан сигнал құтқару және төтенше жағдайлар қызметіне түседі. Тоты Әмірова әуе көліктерін радиомаяктармен жабдықтау әуе компанияларының әуеде болатын төтенше оқиғаларды жасырып қалуына жол бермейді.

Азаматтық авиация комитеті радиомаяк туралы мәлімдемесін 22 қыркүйек күні түнде Ақмола облысының Ақкөл ауданында Ми-2 тікұшағы апатты жағдайда қонған соң жасап отыр. Төтенше жағдайдан тікұшақ экипажы мүшесінің денесін күйік шалып, тікұшақ өртеніп кеткен.

XS
SM
MD
LG