Accessibility links

Украинада Саакашвилиге қатысты сот қайта жалғасты


Михаил Саакашвили Киевтің орталығында шеру өткізіп, жақтастарының алдында сөйлеп тұр. Украина, 19 қыркүйек 2017 жыл.
Михаил Саакашвили Киевтің орталығында шеру өткізіп, жақтастарының алдында сөйлеп тұр. Украина, 19 қыркүйек 2017 жыл.

Украина соты 22 қыркүйекте Михаил Саакашвилидің Украина шекарасын "заңсыз кесіп өтуіне" қатысты іс бойынша тыңдауын жалғастырды.

Львов қаласында өтіп жатқан сотқа Грузияның бұрынғы президенті, Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвили қатысқан жоқ.

Жазда Украина президенті Петр Порошенконың бұйрығымен Украина азаматтығынан айырылған Саакашвили 10 қыркүйекте украин билігінің қарсылығына қарамастан жақтастарының қолдауымен Польшадан Украинаға өткен.

12 қыркүйекте Украина полициясы Саакашвилиге "шекараны бұзғаны туралы" сотқа шақырту тапсырмақ болып ол түскен қонақүйге барған.

Саакашвили содан бері үлкен қолдауға ие болу үшін Украинаны аралап, оның ішінде Киевке барған.

Украина бас прокуратурасы Тбилиси талап еткендей Саакашвилиді тұтқындап, Грузияға қайтармайтынын мәлімдеген. Тбилиси Саакашвилиді Грузия президент болған 2004-2013 жылдары коррупциялық қылмыс жасады деп айыптайды.

Коррупциямен күресіп аты шыққан Саакашвили 2015 жылы Украина президенті Петр Порошенконың шақыртуымен Одесса облысының губернаторы болу үшін Украина азаматтығын алған соң Грузия азаматтығынан айырылған болатын.

Саакашвили кейін Порошенко үкіметі өзінің коррупцияға қарсы қызметіне кедергі келтіріп отыр деп айыптап, 2016 жылы қарашада губернаторлықтан отставкаға кеткен. Ол содан бері "Жаңа күштер қозғалысы" деп аталатын оппозициялық партиясын құрған.

Порошенко биыл шілдеде Саакашвилиді азаматтығынан айырған.

10 қыркүйекте Саакашвилидің шекарадан өткені туралы видео:

Михаил Саакашвили мен жақтастарының шекарадан өтуі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:15 0:00

XS
SM
MD
LG