Accessibility links

Тарихшы Сырым Датұлының мүрдесін Қазақстанға жерлеуді ұсынды


Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жылдардағы патшалық отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі Сырым Датұлының ескерткіші. Орал, 22 қыркүйек 2017 жыл.
Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жылдардағы патшалық отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі Сырым Датұлының ескерткіші. Орал, 22 қыркүйек 2017 жыл.

Жұма күні Оралда 1783-1797 жылдардағы қазақтардың патшалық отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі Сырым Датұлының туғанына 275 жыл толуына орай өткен ғылыми-практикалық конференцияда Датұлының мүрдесін Қазақстанға жерлеу ұсынысы айтылды.

- Біз Қазақстан үкіметі арқылы Өзбекстан үкіметіне Сырым Датұлының үрдесін өз облысымыз территориясына жерлеу мәселесімен қайырылуды сұраймыз. Бұл мәселені шешу керек. Ұлы адамдар туған жерінде жерленуі тиіс, - деді конференцияда Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының басшысы Мұрат Сыдықов.

2007 жылы Сыдықов бастаған ғалымдар Өзбекстанның Хорезм облысы Гурлен ауданына қарасты Науаи елді мекеніне жақын маңнан Сырым Датұлының қабірін тапқан. Датұлы мұнда қуғында жүріп қаза тапқан.

15 қыркүйекте Қостанай облысында 1916 жылғы қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушылардың бірі Кейкі батыр (Нұрмағанбет) Көкембайұлының бас сүйегі қайта жерленген. Совет өкіметі Кейкіні 1923 жылы ұстап, басын шауып өлтірген. Кейін Ресейге жөнелтілген Кейкі батырдың бас сүйегі осы кезге дейін Санкт-Петербургтегі антропология және этнография музейінде сақталып келген. Бас сүйек 2016 жылдың қазан айында үкіметаралық келісімдерден соң Қазақстанға қайтарылған. Сүйекті Венгрия ғалымдары антропологиялық тұрғыдан қалпына келтірген.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG