Accessibility links

Кремль: Facebook-тегі жарнамаға қатысымыз жоқ


Ресей туы мен Facebook логотипі. (Көрнекі сурет.)

Кремль АҚШ президенті сайлауы кезінде Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған жарнамалық хабарламаларға Мәскеудің қатысы болуы мүмкін деген сөздерді жоққа шығарды. Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков әлгіндей хабарламаларға "Ресей жағының ешқандай қатысы жоқ" деп мәлімдеген.

АҚШ президенті Дональд Трамп журналистерге Ресейдің даулы жарнамаларға қатысы жайлы сөздер - "алдау" деп мәлімдеген. "Ресей төңірегіндегі мистификациялар жалғасып жатыр – енді Facebook-тегі жарнама туралы шықты" деп жазған ол Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін Facebook компаниясының басшысы әрі негізін қалаушы Марк Цукерберг жариялаған видеоүндеуінде АҚШ-тағы 2016 жылғы президент сайлауына Ресейдің ықтимал араласуы жөніндегі іс бойынша компания АҚШ конгресімен ынтымақтастық танытып отырғаны туралы мәлімдеген. Цукербергтің сөзінше, әлеуметтік желіде шетелдік мемлекеттердің өзге елдердегі сайлауларға араласу әрекетіне біржола тосқауыл қою мүмкін емес. Бірақ Facebook "сайлаудың адал өтуін қамтамасыз ету үшін кейбір шаралар қабылдауға ниетті" деген ол.

Цукерберг Facebook әлеуметтік желісіндегі АҚШ сайлауы кезіндегі "ресейлік іс-әрекетке" қатысты компания өз тексеруін жалғастыратыны туралы мәлімдеген. Ол сайлау барысына ықпал етпекші болғандар қолданған "тетіктерді мамандар тереңірек зерттейтінін" айтқан.

Марк Цукерберг Facebook-те жарияланатын саяси жарнаманы барынша ашық етуге уәде берген. Оның сөзінше, әлеуметтік желі қолданушылары жарнама берушілер мен олардың ақша төлеп сатып алғаны туралы толық ақпаратпен таныса алатын болады.

AzattyqTV

AzatNews 15.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:14 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG