Accessibility links

Астана полициясы оқулық жайлы жалған хабар таратушыларды іздестіріп жатыр


Мектеп оқулықтары. (Көрнекі сурет.)

Астана қалалық ішкі істер департаменті қазақстандық мектептердегі математика пәніне арналған оқулыққа қатысты жалған ақпарат таратқандарды іздестіріп жатыр. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews агенттігі хабарлады.

Полиция ақпаратында Қазақстан білім және ғылым министрлігінің мектептегі математика пәніне арналған қазақстандық оқулықта "жалаңаш ер және әйел адамдардың суреттері бейнеленген тапсырмалар берілгені" жайлы шындыққа сай келмейтін жалған ақпаратты әлдекімдердің әлеуметтік желілерде таратуына байланысты берген шағымы негізінде қылмыстық кодекстің "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бойынша ашылған істің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізбесінде тіркелгені айтылған.

Аталған дерекке байланысты Астана ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы қажетті сараптама тағайындап, кінәлі адамдарды анықтап, табу үшін сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

Қылмыстық істі тергеу барысы ішкі істер министрлігінің бақылауында болады деп хабарланды.

AzattyqTV

Күре жол мал базарға айналатын күн
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG