Accessibility links

Иран жаңа зымыран сынағын сәтті өткізгені туралы мәлімдеді


Тегерандағы әскери парад кезінде көрсетілген зымырандар. Иран, 22 қыркүйек 2017 жыл.
Тегерандағы әскери парад кезінде көрсетілген зымырандар. Иран, 22 қыркүйек 2017 жыл.

Иран екі мың шақырымға жуық қашықтыққа қатарынан бірнеше оқтұмсықпен ұшып жете алатын жаңа баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді. Сынақ туралы 23 қыркүйекте Иран мемлекеттік телеарнасы хабарлады, бірақ сынақтың қашан өткізілгені белгісіз.

Осының қарсаңында Иран президенті Хасан Роухани қатысқан Тегерандағы әскери парад кезінде жаңа зымыран көрсетілген. Роухани Иранның зымыран әлуетін бұдан ары қарай да арттыра беретіні туралы мәлімдеген. Тегеран әңгіме тек қана қорғаныс жайында екенін атап айтқан.

Бұған дейін БҰҰ жиынында сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Дональд Трамп Ираннан зымыран дамытуды доғаруды талап еткен. Ол сонымен бірге 2015 жылы Иран мен әлемдік державалар арасында жасалған Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімді сынап, оны қайта қарауға уәде еткен. Биыл АҚШ Иранға зымыран сынақтарын өткізгені үшін біржақты түрде санкциялар енгізген. Тегеран жаңа зымырандар ядролық оқтұмсық алып ұшуға арналмаған дейді.

XS
SM
MD
LG