Accessibility links

Мирзияев БҰҰ адам құқықтары жөніндегі жоғарғы уәкілінің өкілдігін ашуды ұсынды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев АҚШ-қа сапары барысында өз еліндегі Самарқан қаласында Азияның адам құқығы жөніндегі форумын өткізуді және Өзбекстанда БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының ресми өкілдігін ашуды ұсынған. Бұл туралы адам құқығы жөніндегі ұлттық орталықтың директоры Акмал Саидов айтқан деп хабарлады Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап Азаттықтың Өзбек қызметі (Озодлик).

Саидовтың сөзінше, әлгіндей ұсынысты Өзбекстан президенті Нью-Йоркте БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Зейд Раад әл-Хусейнмен кездесу кезінде айтқан. Ташкент алдағы жылы халықаралық қауымдастық жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясының қабылданғанына 70 жыл толуын атап өтетіндігіне байланысты ұсыныс жасап отыр.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының Ташкенттегі өкілдігі 1993 жылы ашылған. Бірақ 2006 жылы Өзбекстан билігі халықаралық ұйым өкілдігінен бір ай мерзім ішінде елден кетуін талап еткен.

XS
SM
MD
LG