Accessibility links

Солтүстік Корея министрі АҚШ-қа сес көрсетті


АҚШ-тың екі B-1B Lancer бомбалаушы және екі жойғыш ұшақтары Шығыс Қытай теңізінің үстімен ұшып бара жатыр. 7 тамыз 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)
АҚШ-тың екі B-1B Lancer бомбалаушы және екі жойғыш ұшақтары Шығыс Қытай теңізінің үстімен ұшып бара жатыр. 7 тамыз 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)

Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Ли Ен Хо қыркүйектің 23-і күні БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде егер АҚШ Солтүстік Корея басшысына немесе қарулы күштеріне қарсы қастандыққа баратын болса "аяусыз, алдын алу шарасына" кезігетіні туралы мәлімдеді.

Халықаралық агенттіктер Ли Ен Хоның: "Мұндай өз-өзін өлтіру миссиясына Трамптан басқа ешкім кінәлі емес" деген сөзін келтірген.

Солтүстік Корея министрі БҰҰ-да мәлімдеме жасамас бұрын АҚШ әуе күштерінің B-1B Lancer бомбалаушы ұшағы бірнеше әскери жойғыш ұшақпен бірге Солтүстік Корея территориясының шығыс жағындағы халықаралық кеңістік арқылы ұшып өткен. Пентагонның мәлімдеуінше, әскери ұшақтар 21 ғасырда алғаш рет екі Корея ортасындағы демилитаризациялық аймақтан солтүстікке қарай алысырақ ұшып барған.

Американың B-1B Lancer бомбалаушы ұшақтары Корей түбегіне Тынық мұхиттағы Гуам аралында орналасқан әскери базадан ұшып келген. Ал F-15C Eagle жойғыш ұшақтары Жапонияның Окинава аралындағы АҚШ әскери базасынан ұшып шыққан.

Пентагон өкілі әскери ұшақтардың бұл сапары АҚШ-тың кез-келген қауіп-қатердің алдын алуға әзір екендігін көрсетеді деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG