Accessibility links

Қытай Солтүстік Кореяға қарсы шектеу шараларын енгізді


Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруы. (Көрнекі сурет.)
Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруы. (Көрнекі сурет.)

Қытай Солтүстік Кореямен сауда көлемін айтарлықтай қысқартпақшы. Пхеньянға сыртқы саудадағы негізгі әріптесінің бұл шешімі қатты тиюі мүмкін. Қытай 11 желтоқсаннан бастап Солтүстік Кореяның тоқыма өнімдерін сатып алуды доғарады. Ал оған дейін бұрынғы жасалып қойған келісімдер бойынша алынған барлық міндеттемелер орындалады деп мәлімдеген Пекин.

Қытай Солтүстік Кореяға газ конденсаты мен сұйытылған табиғи газ сатуды да едәуір азайтады. Дереу күшіне енетін бұл шара қазір шекарада тұрған, бірақ кеденнен өтіп үлгермеген өнімге де қатысты деп хабарлайды Қытай жағы.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жақында Солтүстік Кореяға ядролық сынақ өткізгені үшін жаңа санкциялар салу туралы қарарды бірауыздан қабылдаған. Оған сәйкес, Пхеньян БҰҰ-ға мүше елдерден жалпы көлемі 500 мың баррельден аспайтын мұнай өнімдерін ала алады. Қытай бұл талапқа бағынатыны туралы мәлімдеген.

"БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2375-қарары 21-ғасырдағы ең қатаң санкцияны күшіне енгізді" деп жазады әлемдік баспасөз.

XS
SM
MD
LG