Accessibility links

АҚШ пен Орталық Азия елдерінің 5+1 форматындағы кездесуі өтті


БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы. Нью-Йорк, 22 қыркүйек 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)
БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы. Нью-Йорк, 22 қыркүйек 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясы аясында сенбі күні Орталық Азияның бес елі – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркіменстанның сырқы істер министрлері мен АҚШ мемлекеттік хатшысының қатысуымен 5+1 форматындағы кездесу өтті деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігі.

Кездесу барысында аймақтық қауіпсіздік, терроризмге қарсы күрес, экономикалық әріптестік, қоршаған ортаны қорғау саласы мен энергетика мәселелерінде ынтымақтастық жайы талқыланған. Сонымен бірге басқосуда Ауғанстандағы жағдайға жеке тоқталып, бұл елді аймақтық процестерге тарту жайын талқылаған.

Өткен жылы күзде Өзбекстанның Самарқан қаласында бірлескен әріптестік және ынтымақтастық декларациясына қол қойған АҚШ мемлекеттік хатшысы мен Орталық Азияның бес елінің сыртқы істер министрлері алты тараптың қатысуымен 5+1 форматындағы кездесу өткізіп тұруға уағдаласқан.

XS
SM
MD
LG