Accessibility links

Алматы облысында жер сілкінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Жексенбі күні Қазақстан аумағында 4.5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 15:35 кезінде тіркелген жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 223 шақырым қашықтықта, 15 километр тереңдіктегі жер қабатында болған.

Сейсмологиялық орталық "МSК-64 шкаласы бойынша жұртқа жер сілкінісінің қаншалықты сезілгені туралы мәлімет жоқ" екенін хабарлайды.

XS
SM
MD
LG