Accessibility links

Алматы маңында жол апатынан автобустағы бес адам зардап шеккен


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматы облысы Талғар ауданындағы Қызылту ауылында бүгін жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдайтын шағын автобус соқтығысып қалған деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері.

Оқиға салдарынан шағын автобустағы бес жолаушы зардап шеккен.

Бұған дейін Алматы қаласында қала ішіндегі 66-маршрут бойынша жолаушы таситын автобус пен жеңіл көлік соқтығысып қалып, жарақат алған бір адамның ауруханаға түскені туралы хабарланған.

XS
SM
MD
LG