Accessibility links

Сирия сыртқы істер министрі "жеңіс жақындағанын" айтады


Сирияның сыртқы істер министрі Валид әл-Муалем.
Сирияның сыртқы істер министрі Валид әл-Муалем.

Сирияның сыртқы істер министрі Валид әл-Муалем өз еліндегі алты жылға созылған азамат соғысында үкімет әскері "жеңіске жақын қалды" дейді. Бұл туралы ол сенбі күні БҰҰ Бас Ассамблеясында мәлімдеген.

Министрдің сөзінше, үкімет күштерінің Алеппо мен Пальмира қалаларына бақылау орнатып, Дейр әл-Зор қаласын қоршаудан босатуы, сонымен бірге Сирияның көптеген аудандарында терроризмді түбірімен жоюы – жеңіс күні жақын қалғанын көрсетеді.

Батыс мемлекеттері мен құқыққорғаушы ұйымдар Сириядағы Башар Асадтың режимін бейбіт тұрғындарды аяусыз қырғынға ұшыратты және химиялық қару қолданды деп бірнеше рет айыптаған. БҰҰ жиынында сөйлеген Муаллем ондай айыптауларды тағы да жоққа шығарды.

Батыс агенттіктерінің мәліметтері бойынша, Сирияда азамат соғысы басталғалы бері 330 мыңнан аса адам қаза тауып, бес миллионнан астам адам босқынға айналған.

XS
SM
MD
LG