Accessibility links

Кабулдағы жарылыстан үш адам зардап шекті


Шабуыл жасалған жерде тұрған әскерилер. Кабул, Ауғанстан, 24 қыркүйек 2017 жыл.
Шабуыл жасалған жерде тұрған әскерилер. Кабул, Ауғанстан, 24 қыркүйек 2017 жыл.

Ауғанстан астанасы Кабулда халықаралық күштер колоннасына жанкешті жасаған шабуыл салдарынан үш бейбіт тұрғын жараланған. Бұл туралы Ауғанстан ішкі істер министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәлімдемесінде жексенбіде болған шабуылдың жай-жапсары айтылмаған. Шабуылға жауапкершілікті әзірше ешкім алған жоқ. Соңғы кездері "Талибан" қозғалысы мен "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының содырлары ауған армиясының сарбаздары мен шетелдік әскерилерге бірнеше рет шабуыл жасаған болатын.

Мұның алдында Ауғанстанның Оңтүстік Гильменд уәлаятында аудандық полиция басшысы "Талибан" мүшелері қолынан қаза тапқан. Аймақ губернаторы өкілінің хабарлауынша, полиция басшысын сенбі күні көлігімен патрульге шыққан кезде шабуыл жасап, өлтіріп кеткен. Оның жанында бірге болған полиция қызметкері жараланған. "Талибан" бұл шабуылға жауапкершілікті алатыны туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG