Accessibility links

Бішкек: "Сайлауда теракт жоспарлаған" күдіктілер ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстанның Шу облысының Тоқмақ қаласында "Қырғызстан президенті сайлауына әзірлік және оны өткізу жұмыстары кезінде террорлық акт жасап, елдегі қоғамдық-саяси жағдайды ушықтырмақ болған" деген күдікпен үш кісі – екі ер және бір әйел адам ұсталған. Бұл туралы Қырғызстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми мәлімет 21 қыркүйекте Тоқмақта бірнеше тұрғынның үйіне тінту жүргізілгеннен кейін таратылған. Тінту кезінде экстремистік мазмұндағы әдебиет, "РГД-5" әскери гранатасы, шолақ мылтық пен оқтар табылған.

Құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің "ұлттық, діни немесе аймақаралық дүрдараздықты қоздыру" және "атыс қаруын, оқ-дәріні, жарылатын заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, сату, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" баптары бойынша іс қозғаған.

"Ұсталғандар арасында бұрын адам өлтіргені үшін сотталған 30 жастағы К.С., Тоқмақ қаласында тұратын 32 жастағы Б.З. және 40 жастағы И.Б. есімді азаматтар бар" деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

XS
SM
MD
LG