Accessibility links

Өзбекстанда халыққа қолма-қол валюта 1 қазанда сатыла бастайды


АҚШ доллары мен Өзбекстан валютасы (Көрнекі сурет).
АҚШ доллары мен Өзбекстан валютасы (Көрнекі сурет).

Өзбекстан билігі 1 0азаннан бастап он жылда алғаш рет тұрғындарға қолма-қол валютаны сатып алуға рұқсат береді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл жайында республика премьер-министрі Абдулла Арипов мәлімдеді.

Қазір өзбекстандықтар шетел валютасын пластик төлем карталары арқылы ғана сатып ала алады.

Өзбекстан премьері журналистердің девальвация тағы қайталана ма деген сұрағына "Оны нарық көрсетеді" деп жауап берген.

Өзбекстанда 5 қыркүйектен бастап жеке тұлғаларға валютаны айырбас пунктерінде сатуға рұқсат берілген. Шетел валюталары коммерциялық банктердің конверсия бөлімдерінде халықаралық төлем карталары арқылы жүзеге сатылады. Ол қаражатты шетелде жұмсауға ешқандай шектеу қойылмайды.

Жергілікті баспасөз мәліметі бойынша, алғашқы аптада банктер халыққа 200 миллион доллар, ал заңды тұлғаларға 100 миллион доллар сатқан.

XS
SM
MD
LG