Accessibility links

Ташкент: Соттың HRW-ты жабу туралы шешімі әлі күшінде


Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов (ортада), Human Rights Watch ұйымының Еуропа және Орталық Азия бөлімінің директоры Хью Уильямсон (оң жақта) және ұйымның Орталық Азия бойынша кеңсесінің директоры Стив Свердлов. Ташкент, 7 қыркүйек 2017 жыл.
Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов (ортада), Human Rights Watch ұйымының Еуропа және Орталық Азия бөлімінің директоры Хью Уильямсон (оң жақта) және ұйымның Орталық Азия бойынша кеңсесінің директоры Стив Свердлов. Ташкент, 7 қыркүйек 2017 жыл.

Өзбекстан Жоғарғы сотының Human Rights Watch (HRW) ұйымының Өзбекстандағы өкілдігін жою туралы шешімі әлі күшінде, сондықтан елде HRW кеңсесін қайта ашу әзірге мүмкін емес деп мәлімдеді Өзбекстан адам құқығы жөніндегі ұлттық орталығының директоры Акмаль Саидов.

Ташкенттегі HRW кеңсесі 1996 жылы ашылған болатын. Халықаралық ұйым республикадағы ада құқықтарының жағдайын бақылап отырған. 2010 жылы желтоқсанда Өзбекстан әділет министрлігі Жоғарғы сотқа ұйымның елдегі өкілдігін жабу туралы шағым түсіріп, 2011 жылдың маусымында сот шағымды қанағаттандырған.

"Өзбекстан Жоғарғы сотының 2011 жылы шыққан шешімі әлі күшінде, оны ешкіңм жойған жоқ. Әрине, бұл ең жоғарғы инстанция, біз бұл мәселені әділет министрлігінде заңды жолмен шешуіміз керек" деді Акмаль Саидов. Оның сөзінше, сот шешімінің әлі күшінде болуы HRW өкілдері елде еркін жүре алмайды дегенді білдірмейді.

Шілдеде "Өзбекстан - Еуропа Одағы" Ынтымақтастық кеңесі жиынының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында журналистер сұрағына жауап берген Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов ресми Ташкент халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастық орнатуға дайын екенін мәлімдеген. Қыркүйектің басында HRW өкілдері жеті жылдық үзілістен соң алғаш рет Өзбекстанға барған.

XS
SM
MD
LG