Accessibility links

Лавров: АҚШ Солтүстік Кореяға шабуылдамайды


Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі.
Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ Пхеньянда ядролық қару барын білетіндіктен Солтүстік Кореяға шабуыл жасамайды деп санайды.

"Америкалықтар Солтүстік Кореяға соққы бермейді, себебі америкалықтар оларда ядролық қару барына күмәнданбайды, керісінше ондай қару барын анық біледі. Мен Солтүстік Кореяны қорғап тұрған жоқпын. Мен тек мұндай талдаумен барлығы келісетінін айтып тұрмын" деді Лавров ресейлік НТВ телеарнасына берген сұхбатында.

Солтүстік Кореяға қатысты шиеленіс Пхеньянның соңғы уақытта ядролық қару мен баллистикалық зымыран сынауды жиілеткен соң күшейген. Пхеньян осы айдың басында қуаты 1945 жылы АҚШ Хиросимаға тастаған атом бомбасынан 16 есеге артып кетеді делінетін сутегі бомбасын сынаған. Бұған жауап ретінде 23 қыркүйекте америкалық бомбалаушы B-1B Lancer бомбалаушы ұшақтары Солтүстік Кореяның шығысындағы халықаралық әуе кеңістігінен ұшып өткен.

Америкалық әскери ұшақтар 2000 жылдан бері бірінші рет Солтүстік Кореяны Оңтүстік Кореядан бөліп тұратын демилитаризация аймағының солтүстігіндегі территорияға бірінші рет ұшып отыр.

XS
SM
MD
LG