Accessibility links

"Германияға альтернатива" жетекшісі Фрауке Петри фракциядан шықты


"Германияға альтернатива" партиясы жетекшілерінің Фрауке Петри баспасөз конференциясын кетіп барады. Берлин, 25 қыркүйек 2017 жыл.
"Германияға альтернатива" партиясы жетекшілерінің Фрауке Петри баспасөз конференциясын кетіп барады. Берлин, 25 қыркүйек 2017 жыл.

"Германияға альтернатива" партиясы жетекшілерінің бірі Фрауке Петри жаңа Бундестагтағы фракция құрамынан шығады. Reuter агенттігінің хабарлауынша, бұл жайында саясаткер 25 қыркүйекте Берлинде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Фрауке Петри бұдан соң журналистер сұрағына жауап берместен баспасөз жиынынан кетіп қалған.

"Германияға альтернатива" партиясының ұстамды қанатының өкілі саналатын Петри партияның радикалды қанаты саясаткерлеріің көзқарасымен келіспей қалған. Сайлауалды кампаниясында Петри мен олардың арасында үнемі қайшылық туындаған. "Германияға альтернатива" төрағаларының бірі, партия атынан канцлерлікке кандидат болған Александер Гауланд Петриді бұндай қадам жасайды деп күтпегенін мәлімдеді.

Гауланд өз партиясы Бундестагтағы дебаттар сипатын өзгерткісі келетінін хабарлады. Ол Ресей туралы немесе АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігіне қатысты дау туралы дебаттар германиялықтар үкіметтің қандай да бір шешімді не үшін қабылдайтынын түсінерліктей сипатта емес.

Германияда 24 қыркүйекте өткен Бундестаг сайлауында әсіре оңшыл саналатын "Германияға альтернатива" партиясы 13 пайызға жуық дауыс жинап, Бундестагқа үшінші фракция болып өткен. Партия төрағаларының бірі бұндай көрсеткіш партияның күткенінен де асып түскенін айтты.

XS
SM
MD
LG