Accessibility links

Павлодар мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылды


Картадағы Павлодар облысы.
Картадағы Павлодар облысы.

Қазақстандағы ең үлкен үш мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) бірі - Павлодар мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты жұмысын тоқтатты. Зауыт бас директорының орынбасары Иван Дубининнің хабарлауынша, зауыт жұмысының уақытша тоқтауы ішкі нарыққа әсер етпейді.

Бұған дейін Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаев осы және алдағы айларда Қазақстанға сырттан 100 мың тоннаға жуық бензин тасымалдау жоспарланғанын хабарлаған. Оның сөзінше, қазір нарықта бензин тапшылығы байқалмайды.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауына қарағанда, бұдан бұрын Атырау мұнай өңдеу зауытында да жоспарлы жөндеу басталған. Алдағы бірнеше айда Шымкент мұнай өңдеу зауытында да жоспарлы жөндеу жүргізілмек. Өткен аптада республиканың кейбір аймақтарында бензин тапшылығы байқалған еді.

Биліктің мәліметінше, үш МӨЗ модернизацияланған соң үш зауыттың мұнай өңдеу қуаттылығы жылына 13,8 миллион тоннадан 16,5 миллион тоннаға дейін артады.

Қазақстан тұтынатын жанармайдың шамамен 30 пайызын Ресейден сатып алады.

XS
SM
MD
LG