Accessibility links

Удальцов акцияға қатысқаны үшін 5 тәулікке қамалды


Сергей Удальцов, "Солшыл майдан" қозғалысының ұйлестірушісі.
Сергей Удальцов, "Солшыл майдан" қозғалысының ұйлестірушісі.

Мәскеу соты "Солшыл майдан" қозғалысының үйлестірушісі Сергей Удальцовты митинг өткізу ережесін бұзды деп айыптап, бес тәулікке қамады. Оппозиционер сот шешіміне қарсылық танытып, аштық жариялады.

Полиция екі күн бұрын Мәскеудегі рұқсатсыз өткен "Антикапитализм" акциясында кем дегенде 40 адамды ұстаған. Ұсталғандар арасында Сергей Удальцов пен тіркелмеген "Другая Россия" партиясының төрағасы Эдуард Лимонов та болған. Ұйымдастырушылар Пушкин алаңында капитализмге қарсы солшыл ұйымдардың маршын өткізбек болған. Белсенділер полиция маршқа қатысушыларды оларда ешқандай саяси символдар болмағанына қарамастан ұстай бастағанын айтады.

Тамызда Удальцов 2012 жылы мамырда Мәскеудегі "Болотная алаңында болған тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін төрт жылдық түрме жазасын өтеп шыққан болатын.

XS
SM
MD
LG