Accessibility links

АҚШ Қырымда Азаттық журналисінің сотталғанын айыптады


Қырым журналисі Николай Семена.
Қырым журналисі Николай Семена.

АҚШ Ресей аннексиялап алған Қырым сотының өткен аптада Азаттықтың Украин редакциясының журналисі Николай Семенаны соттауына "қатты алаңдайтынын" мәлімдеді.

Қырымдағы Железнодорожный аудандық соты 22 қыркүйекте журналист Николай Семенаны "Ресейдің территориялық тұтастығын бұзуға шақырды" деп айыптап, екі жарым жылдық шартты жаза кескен. Оған кәсіби жұмыспен айналысуға тыйым салынды.

"Бұл айыптау Семенаның өз мақаласында Ресейдің Қырымды аннексиялап алғанын сынағаны үшін тағылған. Біз Ресей оккупациялап алған аймақ билігін Семенаны босатуға, оның кәсіби қызметін атқаруына рұқсат беруге және Қырымдағы өзгеше ойлайтындарды қудалау кампаниясын доғаруға шақырамыз" делінген АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Хизер Нойерттің мәлімдемесінде.

"Қырым Украинаның бір бөлшегі болып қла береді және АҚШ Украинаның территориялық тұтастығы мен егемендігін әлі де берік қолдайды" деген Хизер Нойерт.

Бұл туралы Азаттықтың Украин редакциясының "Крым.Реалии" жобасы авторларының бірі Николай Семенаны 2016 жылдың 19 сәуірінде Қырым билігі тұтқындап, "Ресейдің территориялық тұтастығына қарсы әрекет жасады" деп айып таққан.

Семена өзіне қарсы істің саяси астары барын және Ресей билігі айыпты өз мақалаларының бірін украин тілінен орыс тіліне дұрыс аудармай тағып отыр деп біледі.

"Азат Еуропа/ Азаттық Радиосының" президенті Том Кент бұған дейін Николай Семенаға қатысты шыққан сот үкімін сынап, "Қырымдағы тәуелсіз адамдардың үнін өшіру әрекеті" деп сипаттаған.

"Азат Еуропа/ Азаттық Радиосының" президенті Том Кенттің Николай Семенаға қатысты шыққан сот үкімін айыптау сөзі

Том Кент: "Бұл үкімнің күші жойылуы тиіс"
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:10 0:00

Еуропа одағы мен құқық қорғау ұйымдары да Семенаның сотталуына алаңдайтынын білдірген.

XS
SM
MD
LG