Accessibility links

Назарбаев пен Путин Астанадағы Сирия келіссөзін талқылады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин Сириядағы жағдайды бейбіт реттеудің болашағын талқылады деп хабарлады 25 қыркүйекте ресми баспасөз. Назарбаевтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, телефонмен болған әңгімеде Ресей президенті Сириядағы жанжалды реттеудегі Ресей шаттары туралы хабардар еткен, тараптар Астана процесін жалғастырудың маңыздылығын атап өткен.

Сирия жөніндегі бейбіт келіссөздердің алтыншы раунды Астанада 14-15 қыркүйекте өтті. Онда Сирияның Идлиб провинциясында қауіпсіздік аймақтары құрылғаны жарияланды. Дегенмен, Сирия оппозициясы деэскалация аумақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуші ретінде Иранды қабылдаудан бас тартқан.

Ресей, Түркия және Иран Астанадағы Сирия жөніндегі келіссөзде гарант елдер мәртебесін иеленген. Бұл келіссөз БҰҰ-ның қатысуымен Женевадағы бейбіт келіссөздерден бөлек өтіп жатыр. Ресей мен Иран Сирия президенті Башар Асад үкіметін қолдайды. Түркия мен АҚШ түрлі бүлікшіл топтарға қолдау көрсетеді.

Сириядағы алты жылдан асқан азаматтық соғыста 330 мың адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG