Accessibility links

Қырғызстан ОСК басшысы: Бабановтың Назарбаевпен кездесуінде заң бұзылды


Нұржан Шайлдабекова, Қырғызстанның сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясының төрайымы.
Нұржан Шайлдабекова, Қырғызстанның сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясының төрайымы.

Қырғызстанның сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясының (ОСК) төрайымы Нұржан Шайлдабекова президенттікке үміткер Өмірбек Бабановтың Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуіне өз бағасын берді.

Оның айтуынша, "Сайлау туралы" заңның 28-бабында үміткерлерге үгіт-насихат кезінде шетел саясаткерлерінің суреттерін қолдануға тыйым салынған. Бірақ ОСК жұмыс тобы бұл жағдайда заң бұзылмаған, ақпаратты Қазақстан президентінің баспасөз қызметі таратқан деп есептейді. Ресми шешім ОСК жиналысында қабылданады. Комиссия төрайымы "заңбұзушылық болды" деп есептейді.

"Мен бұлай жасауға болмайды деп есептеймін. Бұл жауапсыздық деп ойлаймын" деді Шайлдабекова.

19 қыркүйекте Қазақстан президентінің ресми сайты Назарбаевтың "Республика - Ата-Жұрт" фракциясының басшысы Өмірбек Бабановпен кездескені туралы ақпарат жариялаған. Кездесу Алматы қаласында өткені хабарланған. Бірақ кездесудің қашан өткені көрсетілмеген.

Келесі күні Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Қазақстанға наразылық нотасын жолдаған. Ресми Бішкек мұны "Қазақстанның Қырғызстанның ішкі ісіне араласуға тырысуы" деп бағалаған.

Қазақстан жағы да Қырғызстанға жауап нотасын жолдап, "Назарбаевтың әртүрлі елдердің көрнекті саяси қайраткерлерімен және саяси партиялардың басшыларымен олардың өтініші бойынша кездесіп тұратынын" және оның "халықаралық тәжірибеге толық сәйкес келетінін" мәлімдеген.

ВИДЕО: "Бабанов дауына" қатысты сарапшы пікірі (21.09.2017)

"Бабанов дауы" қазақ-қырғыз байланысына әсер етпейді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:01 0:00

XS
SM
MD
LG