Accessibility links

Порошенко украин тілінде оқыту туралы заңға қол қойды


Петр Порошенко, Украина президенті.

Украина президенті Петр Порошенко мемлекеттік мектептерде бесінші сыныптан бастап тек украин тілінде оқытуға міндеттейтін даулы заң жобасына қол қойды.

Порошенко заң жобасына ол Украинада тұратын этникалық азшылық өкілдері тарапынан сынға ұшыраған кезде қол қойып отыр. Заң бойынша, оқушылар ана тілін жеке пән ретінде оқуға хақылы. Бірақ бұл Украинада тұратын ірі диаспоралар - поляк, румын және венгрлердің алаңдаушылығын баса алмай тұр.

Ресей бұған дейін заң жобасын "көп ұлтты мемлекетте бір ұлттың тілін қолдану режимін күшпен орнату үшін" жасалған деп сынаған.

Украинада, әсіресе тұрғындарының көпшілігі орыс тілінде сөйлейтін шығыс облыстарында тіл мәселесі өткір күйде қалып отыр.

Порошенко қол қойған заң 2012 жылы ресейшіл президент Виктор Янукович тұсында қабылданған заңның нормаларын жояды. Ол заң өздері тұратын аймақтағы үлес салмағы халықтың 10 пайызынан асатын этникалық азшылықты құрайтын ұлттарға мектепте өз тілдерінде оқуға мүмкіндік берген.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG