Accessibility links

Наваз Шариф Исламабадта сотқа тартылды


Исламабадта сот алдында Наваз Шарифті қолдап, оның суреті басылған плакат ұстап тұрған адам. Пәкістан, 26 қыркүйек 2017 жыл.
Исламабадта сот алдында Наваз Шарифті қолдап, оның суреті басылған плакат ұстап тұрған адам. Пәкістан, 26 қыркүйек 2017 жыл.

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Наваз Шариф коррупциялық қылмыс жасады деген айып бойынша Исламабадта сотқа тартылды.

28 шілдеде Пәкістан Жоғарғы соты Наваз Шарифті коррупциялық қылмысқа қатысы бар деп айыптап, премьер-министр қызметінен босатқан. Премьер-министр мен оның отбасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Шарифке қатысты іс 2016 жылы сәуірде Панамадағы Mossack Fonseca фирмасы құпия құжаттарын жариялаған соң қозғалған. Ол құжаттарда Шарифтің екі ұлы мен қызының кем дегенде үш офшорлық компанияның иесі екені жазылған.

Шариф әйелін Лондонда емдетіп келген күннің ертеңінде сотқа тартылып отыр.

Наваз Шарифі қолдайтындар экс-премьер сотқа келгенде сот залында оған қшемет көрсетіп, ұрандап тұрды.

Сот Шарифтің екі ұлына, қызы мен күйеубаласына келесі аптада сотта жауап беруге міндеттейтін ордер шығарды.

Наваз Шарифке 2 қазанда Пәкістанның антикоррупциялық қызметі осы айдың басында қозғаған үш коррупциялық қылмыс істері бойынша айып тағылуы мүмкін.

Үш рет премьер-министр болып, үш ретінде де қызметінен еріксіз кетірілген Шариф пен оның үш баласына қатысты айыптаулардың экс-премьердің 1990 жылдары билікте болған кезімен байланысты.

Саяси қарсыластары Шариф пен оның отбасын Пәкістаннан қаржы жымқырып, оны Лондонда жылжымайтын мүліктер сатып алуға жұмсады деп айыптайды.

Шарифтің жақтастары мен кейбір саяси сарапшылары оның биліктен кетірілуіне ықпалды әскерилердің қатысы бар дейді.

Пәкістанда азаматтық қоғам құруды жақтаушы ретінде танымал Наваз Шарифтің әскерилермен қарым-қатынасы жақсы емес.

Шарифтің отбасы Лондондағы жылжымайтын мүліктерін 1980 жылдары Катардың король отбасымен инвестициялық келісімдерді жасасып тапқан табысына алғанын айтады.

XS
SM
MD
LG