Accessibility links

Ресей Қазақстандағы нысанаға кезекті "Тополь" зымыранын атты


Архангельск облысының Плесецк космодромынан ұшырылған "Тополь-М" зымыраны. (Көрнекі сурет)

Ресей Астрахан облысындағы "Капустин Яр" полигонынан Қазақстандағы Сарышаған полигонындағы шартты нысананы дәлдеп құрлықаралық РС-12М "Тополь" құрлықаралық баллистикалық зымыранын атты.

"Зымыран оны болашақта әскери жабдықтау тұрғысынан сынау үшін ұшырылды. Зымыранның оқу-жаттығуға арналған әскери бөлігі полигондағы шартты нысананы асқан дәлдікпен атып түсірді" делінген Ресей қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Зымыран 11 мың километр қашықтыққа дейін ұшады. Оның ұшырылатын кездегі салмағы - 46,5 тонна. "Тополь-М" бір оқтұмсықты да алып ұшады.

Ресей бұған дейін бірнеше мәрте "Капустин Яр" полигонынан "Тополь" құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізген. Ол зымырандардың барлығы Сарышаған полигонындағы шартты нысанаға бағытталып, дәл тиген. Соңғы сынақ биыл қаңтар айында жасалған. Ол кезде Плесецк космодромынан ұшырылған "Тополь" Камчатка түбегіндегі полигонда орналасқан шартты нысананы атып түсірген.

Ресей Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонының бір бөлігін 1996 жылы Қазақстанмен жасалған келісім бойынша жалға алған. Полигонның қалған бөлігін Қазақстан пайдаланады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG