Accessibility links

Шахматшы Сәдуақасова мен Әбдімәлік Азиадада жеңді


Жансая Әбдімәлік, қазақстандық жас шахматшы.

Қазақстандық шахматшылар Динара Сәдуақасова мен Жансая Әбдімәлік Ашғабадта өтіп жатқан әскери өнер және жабық нысандағы бесінші Азия ойындарында жастар арасындағы жылдам шахмат турнирінің жеңімпазы атанды. Сәдуақасова ақтық сында қытайлық шахматшы Гу Джеймен тең ойнады, ал екінші тақтада ойнаған Әбдімәлік қытайлық Джу Вангты жеңді.

Қазақстан Азия ойындарында 28 алтын, 28 күміс және 38 қоламен төртінші орында тұр. Алғашқы орында Түркіменстан (89 алтын, 70 күміс, 85 қола), екінші орында Қытай (40, 30, 23), үшінші орында Иран (35, 22, 59) тұр. Қазақстаннан кейінгі орында 24 алтын, 33 күміс, 73 қола алған Өзбекстан құрамасы тұр.

AzattyqTV

АҚШ және Ресей (СССР) лидерлері саммиттері
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:23 0:00
АҚШ пен Ресей

Лидерлер саммиті

XS
SM
MD
LG