Accessibility links

Қазақстанда БҰҰ шешімдерін орындау туралы заң қабылдауға шақырды


БҰҰ Адам құқығы жөніндегі комитетінің логотипі (Көрнекі сурет).
БҰҰ Адам құқығы жөніндегі комитетінің логотипі (Көрнекі сурет).

Құқық қорғаушылар мен белсенділердің қауіпсіздігі және оларды қорғау жөніндегі PANA коалициясының сайтында Қазақстанда БҰҰ комитеттері қабылдаған шешімдердің орындалуын реттейтін заң қабылдауға және олардың орындалуына жауапты ведомствоны анықтауға шақырған петиция жарияланды. Бүгінге дейін петицияға 26 адам қол қойған.

Петицияда соттардың БҰҰ комитеттерінің шешімдерін Қазақстанда заңмен бекітілген процедуралардың жоқтығынан орындай алмай отырғаны, ал бас прокуратура азаматтарға берген жауабында тиісті заңнаманың жоқтығына сілтейтіні және "Бұл мәселемен жұмысшы тобы айналысып жатыр" деумен шектелетіні айтылған.

Қазақстан БҰҰ-ға 1992 жылы 2 наурызда қабылданып, БҰҰ жарғысы мен Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ декларацияда жарияланған адамның еркіндігі мен құқықтарын қорғаудың ортақ принциптерін мойындаған. Бірақ петицияда 2011 жылдан бері БҰҰ-ның үш комитетінің Қазақстанға қатысты шығарған 25-тен астам шешімнің бір де біреі орындалмағаны айтылады. Биылдың өзінде Қазақстанға қатысты кем дегенде бес шешім шығарылған.

Азаттық бұған дейін Астана тұрғыны, биыл наурызда БҰҰ-да Қазақстанға қарсы істе жеңіп шыққан Жасұлан Сүлейменовтің жайы туралы жазған болатын. БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі комитеті Сүлейменовті колонияда оны азаптаған, адамшылыққа жат қатігездік танытқан әрі тиімді жолдармен құқықтық тұрғыдан қорғануға мүмкіндік бермеген деп тапқан. Бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрлігі Сүлейменовке қатысты БҰҰ комитеті шешімінің мәтіні орыс тіліне ресми аударылмағандықтан оны уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына жібере алмайтынын мәлімдеген.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG