Accessibility links

Қырым татарларының белсендісі Умеров 2 жылға сотталды


Қырым татарлары меджлисі төрағасының орынбасары Ильми Умеров. Симферополь, 20 қыркүйек 2017 жыл.
Қырым татарлары меджлисі төрағасының орынбасары Ильми Умеров. Симферополь, 20 қыркүйек 2017 жыл.

Ресейдің Украинадан аннексиялап Қырым соты 27 қыркүйекте Қырым татарларының жетекшісі Ильми Умеровті сепаратизм айыбы бойынша кінәлі деп тауып, екі жылға қоныс колониясына жабу жазасын кесті. Қоныс колониялары әдетте өнеркәсіп орындарына жақын орналасады және оған түскен тұтқындар күштеп еңбекке жегіледі.

Қырым татарларының өзін-өзі басқару органы Меджлис төрағасының орынбасары Ильми Умеров Ресейдің Қырымды аннексиялап алғанын және одан кейін Қырым татарларын қудалауын ашық сынап жүрген.

Қырымның ресейшіл билігі Умеровті 2016 жылы тамызда пихиатрлық ауруханаға күштеп жатқызған. Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы мұны "адам құқығын өрескел түрде бұзу" деп айыптаған.

20 қыркүйекте өткен соттың жарыссөзінде сөйлеген 59 жастағы Умеров "Украинаның ғана азаматы екенін" мәлімдеген. "Аннексияны аннексия деп, ал орнатылған билікті – оккупациялық деп атаймын" деген ол өзіне тағылған айыптар тек жалғыз мақсатты – аннексияға қарсы шыққандардың барлығын жазалауды көздейтінін айтқан.

Қырым соты 22 қыркүйекте Азаттықтың Украин редакциясының журналисі Николай Семенаны да "Ресейдің территориялық тұтастығын бұзуға шақырды" деп айыптап, екі жарым жылдық шартты жаза кескен.

XS
SM
MD
LG