Accessibility links

Енді Qazaq Air жанармай тапшылығы туралы мәлімдеді


Астана әуежайы (Көрнекі сурет).
Астана әуежайы (Көрнекі сурет).

Қазақстандық тағы бір әуе компаниясы авиациялық жанармай тапшылығы туындайтыны туралы мәлімдеді. Qazaq Air компаниясының басқарма төрағасы Блэр Трехерн Поллок бүгін Астанада өткен баспасөз конференциясында компаниядағы авиакеросин қоры қазанайының ортасында таусылуы мүмкін екенін хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстандағы әуе компанияларының жағдайы қазір "шамамен бірдей". Қазақстан әуе компаниялары тұтынатын авиакеросиннің 40 пайызға жуығын Ресейден сатып алады.

Осы апта басында "Эйр Астана" ұлттық әуе компаниясы да авиациялық жанармай тапшылығы туындауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Компания елде Шымкент мұнай өңдеу зауытының жөндеуге жабылуы мүмкін екендігіне және ресейлік экспорттаушылардың алдағы айларда жанармай жеткізетінін растамағанына байланысты тұрақты әуе қатынасы тоқтауы мүмкін екенін айтқан.

Бірақ Қазақстанның энергетика миинстрлігі кейін мұнай өңдеуі зауытында зауыт қызметіне кері әсер ететіндей күрделі жөндеу жүргізу жоспары жоғын, ал мұнай өнімдері нарығындағы жағдай "оң" екенін мәлімдеген. Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Ресейден жанармай импорттау көздерін іздеу әуе компнаияларының өз міндеті екенін айтқан.

Поллоктың сөзінше, ресейлік экспорттаушылар компанияның авиакеросин сатып алу туралы өтінішін орындаудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG