Accessibility links

Күрдістанда тәуелсіздік туралы референдум "өтті" деп жарияланды


Референдум болған күні Күрдістан автономиясының туын ұстап көшеге шыққан күрд әйелдері. Ирак, Киркук, 25 қыркүйек 2017 жыл.
Референдум болған күні Күрдістан автономиясының туын ұстап көшеге шыққан күрд әйелдері. Ирак, Киркук, 25 қыркүйек 2017 жыл.

Ирактың Күрдістан автономиясының сайлау комиссиясы 25 қыркүйекте өткен тәуелсіздік алу жөніндегі референдумды "толық өтті" деп жариялады. Аймақтың тәуелсіздік алуын жақтап сайлаушылардың 93 пайызы дауы берген. Бұл жөнінде Associated Press агенттігі хабарлайды.

Комиссия шешімді жариялағанға дейін, Ирак парламенті Киркукке әскер жіберу туралы шешім қабылдаған. Бұл жөнінде Reuters хабарлады.

Парламент Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абадиге елдің тұтастығын сақтауды міндеттеп, даулы аймаққа әскер жіберуді тапсырған.

2014 жылы Киркукты пешмерга жасақтары (күрд жауынгерлері) бақылауына алған.

Бағдад референдумды Конституцияға қайшы деп таниды. Ирак премьер-министрі дауыс беру нәтижесін жоюға шақырған. Күрдістан автономиялық аймағының Ирактан тәуелсіздік алуына Түркия, Иран да қарсы шықты. Тегеран мен Бағдад даулы аймақта соғыс өрті тұтанып кете ме деп қауіптенеді.

XS
SM
MD
LG