Accessibility links

Өзбек диссидент жазушысы "экстремизм" күдігіне ілінді


Нурулло Отаханов, өзбек диссидент жазушысы.

63 жастағы өзбек жазушысы, 26 қыркүйекте Түркиядан Ташкентке өз еркімен оралған Нурулло Отаханов "Осы күндер" ("Бу кунлар") кітабында экстремистік идеяларды насихаттады" деген күдікке ілінді. Бұл туралы жазушының әйелі Гүлнара Отахановаға сілтеме жасап Азаттықтың Өзбек редакциясы хабарлады. Жазушы қазір Ташкенттің Яшнабад аудандық ішкі істер бөлімінде отыр. Құқық қорғау органдары Отахановтың туыстарына адвокат жалдауға кеңес берген.

Отаханов екі жыл Түркияда тұрып, 26 қыркүйекте Өзбекстанға оралған еді. Стамбулдан Ташкентке ұшып келген бетте оны әуежайда бірден полиция тұтқындаған.

Жазушы "Осы күндер" кітабында Өзбекстанның тәуелсіздік жылдарындағы дамуын сынайды. Ол сонымен қатар алғашқы президент Ислам Каримов құрған режимді және оның Өзбекстанда қалыптастырған авторитарлық билігін сынайды.

Гүлнара Отаханова күйеуімен милиция бөлімінде кездескенін айтады. Тергеушілер қысқа уақыттық кездесуде Отахановаға күйеуін "Осы күндер" кітабында келтірген идеяларына бола тұтқындағанын айтқан. Тергеушілердің сөзінше, Өзбекстанның дін істері жөніндегі комитеті ол кітапты "экстремистік мазмұнда жазылған" деп таныған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG