Accessibility links

Семей мәслихаты Ленин көшесінің атын ауыстыруды қолдады


Қазақстандағы Ленин ескерткіштерінің бірі (Көрнекі сурет).
Қазақстандағы Ленин ескерткіштерінің бірі (Көрнекі сурет).

Семей қалалық мәслихатының депутаттары қаладағы Ленин көшесінің атын өзгертуді қолдап дауыс берді. Қалалық мәслихаттың бас маманы Әсел Әбілқасымованың Азаттыққа айтуынша, депутаттар қалалық әкімдік жанындағы қоғамдық кеңес ұсынған большевиктер көсемі Ленин көшесінің атын Мәңгілік ел көшесі деп атау туралы ұсынысты қолдаған. Депутаттар сонымен қатар қаланың ортасынан ағып өтетін Ертіс өзеніндегі Полковничий аралының атын Бейбітшілік аралы деп өзгертуді де қолдаған.

Әсел Әбілқасымаованың сөзінше, мәслихат ұсынысты қолдағаны туралы қаулы қабылдап, оны қалалық әкімдікке жолдайды. Бұдан ары ол құжат республикалық ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылады. Көше атауын өзгерту туралы шешімді осы комиссия шығарады.

XS
SM
MD
LG