Accessibility links

Путин мен Ердоған Сирия мен Ирактағы жағдайды талқылайды


Түркия президенті Режеп Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин. Сочи, 3 мамыр 2017 жыл.
Түркия президенті Режеп Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин. Сочи, 3 мамыр 2017 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин 28 қыркүйекте Анкарада Түркия президенті Режеп Ердоғанмен кездесіп, Сирия мен Иракқа қатысты мәселелерді талқылайды. Путин Түркияға бір күндік сапармен барады. Екі ел басшылары үш күн бұрын телефонмен көйлесіп, Ирактың Күрдістан автономиялық аймағындағы тәуелсіздік туралы референдумды талқылаған.

Ердоған әкімшілігі 27 қыркүйекте Путинмен келіссөзде екі жақты қарым-қатынастар, аймақтық және халықаралық мәселелер, оның ішінде СИрия мен Ирактағы жағдайлар талқыланатынын хабарлаған.

Мәскеу мен Анкара Сириядағы соғыста өзара қарсы тараптарды қолдайды. Ресей мен Иран Сирия президенті Башар Асадты, ал Түркия мен АҚШ Асадқа қарсы соғысып жатқан түрлі көтерілісшіл топтарды қолдайды. Бірақ Ресей, Түркия мен Иран осы айдың басында Астанада өткен келіссөзде Сирияның солтүстігіндегі оппозициялық күштер бақылауында тұрған Идлиб провинциясында деэскалация аймағын құруға келіскен. Сирияның басқа аймақтарында шілдеден бері үш деэскалация аймағы құрылып, жұмыс істеп жатыр.

XS
SM
MD
LG