Accessibility links

ФСБ: Доку Умаровтың мүрдесі табылды


Доку Умаров 2011 жылы қаңтар айында жасалған Домодедово әуежайындағы жарылысты ұйымдастырғанын мәлімдеп отыр. 7 ақпан 2011 жыл.
Доку Умаров 2011 жылы қаңтар айында жасалған Домодедово әуежайындағы жарылысты ұйымдастырғанын мәлімдеп отыр. 7 ақпан 2011 жыл.

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) Солтүстік Кавказдағы шешен содырларының қуғындағы басшысы, қаза тапқан Доку Умаровтың мүрдесін тапқанын мәлімдеді.

ФСБ-ның 27 қыркүйекте жариялаған мәлімдемесінде Умаров пен өзге төрт содыр жерленген орын Ингушетиядан табылғаны айтылады. Ресми мәлімет бойынша, Умаров 2013 жылдың қыркүйегінде арнайы операцияда көзі жойылған.

1990 жылдардың ортасы мен 2000 жылдардың басындағы екі шешен соғысынан соң исламшыл бүлікшілер қозғалысы Солтүстік Кавказдың Дағыстан, Ингушетия және Кабардин-Балқар сияқты аймақтарына да таралған. 2007 жылы шешен бүлікшіл күштерінің жетекшісі Доку Умаров өзін "Кавказ имараты" тәуелсіз ислам мемлекетінің басшысы деп жариялаған.

2014 жылы наурызда қарулы содырларға жақын сайтта Умаровтың "шейіт" болғаны хабарланған. 2014 жылы сәуірде ФСБ директоры Александр Бортников Умаровтың қаза тапқанын растаған. Ол Умаровтың көзі жойылды ма, әлде басқадай себептен қаза тапты ма, ол жағын нақты айтпаған.

Доку Умаровтың Ресейде болған бірнеше ірі жарылыстарға қатысы бар делінеді. Умаров 2010 жылы наурызда Мәскеу метросында болған жарылыс пен 2011 жылы қаңтарда Домодедово әуежайында болған жарылысты мойнына алған.

XS
SM
MD
LG