Accessibility links

Facebook компаниясы Германияда 24 қыркүйекте өткен Бундестаг сайлауынан бір ай бұрын әлеуметтік желіде он мыңдаған жалған аккаунтты бұғаттағанын хабарлады.

Facebook сайлау қарсаңында жалған ақпарат таралуының алдын алу үшін Германияның Федералдық ақпараттық қауіпсіздік қызметімен ынтымақтасқан.

Германиядағы парламент сайлауында канцлер Ангела Меркель басқаратын партия блогы жеңген. Бундестагқа сонымен қатар бірінші рет оңшыл популистік "Германияға альтернатива" партиясы да өткен. Бұл партияның кейбір мүшелері Ресей билігімен байланысы барын жасырмайды.

Қыркүйектің басында Facebook Ресеймен күшті байланысы бар құрылымдар АҚШ-тағы президент сайлауының қарсаңында, яғни 2015-2016 жылдары әлеуметтік желіде үш мыңнан астам саяси хабарлама ілгенін мәлімдеген. Биыл сәуірде Facebook Франциядағы президент сайлауы қарсаңында шамамен 30 мың жалған аккаунтты жапқанын хабарлаған болатын.

АҚШ-та қазір өткен жылғы президент сайлауына ықтимал Ресейдің килігу әрекетін тексеріп жатыр. Тамыздың басында АҚШ-тың арнайы прокуроры Роберт Мюллер сайлаудағы "Ресей іздерін" тергеу үшін үлкен алқа сотын құруға шақырған. Мюллер "Трамп штабы Кремльмен астыртын сөз байласып, Демократиялық партия атынан президенттікке үміткер болған Хиллари Клинтонның позициясын әлсіретуге тырысты ма" деген мәселені анықтайды. Мәскеу өзге елдердегі сайлауға араласпақ болғанын жоққа шығарады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG