Accessibility links

Қазақстандық кейбір ҮЕҰ салық жеңілдіктерін қайтаруды сұрады


Татьяна Зинович, "Құқықтық саясатты зерттеу орталығы директорының орынбасары.
Татьяна Зинович, "Құқықтық саясатты зерттеу орталығы директорының орынбасары.

Қазақстандық бірқатар үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) өздеріне 2016 жылдың қаңтарына дейін қолданылған салық жеңілдіктерін қайтаруды сұрады. Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) мен Халықаралық коммерциялық емес құқық орталығының (ICNL) екі өкілі келесі аптада өздерінің ұсыныстарын білдірмек ниетте. Олар 28 қыркүйекте жаңа салық кодексін қараған жұмысшы тобына ұсыныстарын білдіре алмағандарын айтады.

LPRC директорының орынбасары Татьяна Зиновичтің сөзіне қарағанда, қазір ҮЕҰ-ға жеке табыс салығы мен әлеуметтік табыс салығын төлеуде ешқандай жеңілдік берілмеген. Бұрынғы салық кодексі бойынша үкіметтік емес ұйымдарда 2016 жылдың қаңтарына дейін аталған салықтарды төлеуде жеңілдіктер болған.

- ҮЕҰ үлкен қиындықтар көріп отыр. Себебі біз әлеуметтік маңызы бар қажеттіліктерге жұмсайтын қаржымызды салыққа төлейміз. Мысалы, біз үлкен конференция өткіздік дейік. Оған көп адамды шақырамыз және біз барлық әуе билеттерінен, әр адамның қонақүйде тұрғаны, тамағы үшін жеке табыс салығын төлеуге міндеттіміз. Осылардың есебінен біздің мүмкіндіктеріміз азайып жатыр. 20 адам шақыратын жерге 15 адамды ғана шақыра алатын болдық, - деді Татьяна Зинович.

Биыл маусымда интернетте төрт ҮЕҰ-ның үндеуі жарияланған болатын. Онда "Салық кодексінің жобасында өз ұйымы аясында кәсіпкерлік қызметпен де айналысатын ҮЕҰ үшін корпоративтік табыс салығына қатысты үлкен белгісіздік туындап отырғаны" айтылған.

Үндеуде жаңа салық кодексінде де демеушілер көмегінен салық алынбайтыны, яғни оның қайтарымсыз кірістің бір түрі болатыны туралы ереже енгізілген. "Бұл қайтарымсыз көмектің өзге түрлері қосымша құн салығы алынатын кіріс болып саналады дегенді білдіреді" дейді үндеуге қол қойғандар.

"Сорос - Қазақстан" қоры, LRPC, ICNL және "Салық мәдениетін қалыптастыру" қоғамдық бірлестігі белсенділерінің пікірінше, "ҮЕҰ үшін салық режимдерін өзгертуге қатысты ұсыныстар "Қазақстандағы қоғамдық ұйымдарға кәдімгідей қауіп төндіріп, қызмет ету аясын тарылтуы мүмкін".

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG