Accessibility links

Байқоңырдан "Протон" зымыраны байланыс спутнигін алып ұшты


"Протон-М" зымыран тасығышының Байқоңыр космодромынан ұшырылған сәті. 12 қыркүйек 2017 жыл.
"Протон-М" зымыран тасығышының Байқоңыр космодромынан ұшырылған сәті. 12 қыркүйек 2017 жыл.

"Байқоңыр космодромынан ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы "Бриз-М" үдеткіш блогымен AsiaSat-9 телекоммуникациялық спутнигін алып ұшты" деп хабарлады Ресей ғарыш агенттігі ("Роскосмос"). Зымыран Астана уақытымен 29 қыркүйек күні 00:52-де ұшырылған.

"Роскосмостың" хабарлауынша, ғарыш аппараты үдеткіш блоктан Астана уақытымен сағат 10:05-те ажырамақ.

AsiaSat-9 спутнигін Гонконгта орналасқан Asia Satellite спутниктік байланыс операторының тапсырысы бойынша АҚШ-тың SpaceSystems/Loral фирмасы жасаған. Спутник Азия-Тынық мұхиты аймағында ұялы байланыс, телехабар тарату, және интернет қызметін көрсетуге арналған.

"Протон" зымыран тасығышы соңғы екі айда осымен үшінші рет ұшырылып отыр. Алдыңғы екі зымыран тамығыш 17 тамызда және 12 қыркүйекте ұшырылған.

XS
SM
MD
LG