Accessibility links

Хейли: Ресей Иранды МАГАТЭ тексеруінен қорғаштап отыр


Никки Хейли, АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі.
Никки Хейли, АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли Ресейдің Иранды Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) тексеруінен қорғаштауға тырысып жатқанын мәлімдеді.

Никки Хейли бұған дейін агенттіктің Иранның ядролық іс-қимылдарын шектеу шараларын орындауын бақылауды күшейтуге шақырған. 2015 жылы әлемдік державалармен жасасқан келісімі бойынша, Тегеран ядролық бағдарламасын кәдімгідей шектеп, есесіне бұл елге салынған халықаралық санкциялар жеңілдетілген.

БҰҰ дипломаттарының сөзінше, Ресей келісім бойынша МАГАТЭ-ге Иранның іс-қимылын тексеруге өкілеттік берілмегенін айтып, агенттіктің рөлін төмендетуге тырысып жатыр. "Т" ережесі ретінде белгілі ереже "ядролық жарылғыш құрал жасауға жол ашатын" бағытта жұмыс істеуге тыймы салады. Онда ядролық бомбаға ұқсатып компьютерлік модельдеуге немесе көп дәлдікті детонация жүйесін қолдануға болмайтыны келтірілген. Келісімнің басқа да ережелеріндей емес, "Т" ережесінде МАГАТЭ аталмайды және тексеру жүргізудің тәртібі нақтыланбаған.

БҰҰ дипломаттарының пікірінше, Ресей мұндай тексерулер МАГАТЭ-нің құзыретіне кірмейді деп ойлайды. Ресей Иранмен ядролық келісімге қол қойған алты елдің бірі. Келісімге қол қойған АҚШ, Ұлыбритания, Франция мен Германия РЕсейдің ұстанымымен келіспейді.

XS
SM
MD
LG