Accessibility links

Апелляция Харькованың шағымын қанағаттандырмады


Қазақстан сотының шешімімен жабылған тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының бұрынғы жетекшісі Лариса Харькова. Шымкент, 29 қыркүйек 2017 жыл.
Қазақстан сотының шешімімен жабылған тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының бұрынғы жетекшісі Лариса Харькова. Шымкент, 29 қыркүйек 2017 жыл.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының сот алқасы билік шешімімен жабылған Қазақстанның тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының бұрынғы жетекшісі, "бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін алаяқтықпен әрі аса ірі көлемде жымқырғаны" үшін бас бостандығы төрт жылға шектелген Лариса Харькованың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.

Сот отырысында Харькованың адвокаты Рашид Қырықбаев жәбірленушілердің арыз-шағымын қабылдап, қылмыстық іс қозғаудың және оның сотта қаралуының өзі негізсіз екенін айтты.

Жәбірленушілердің адвокаты Дәулет Байсейітов пен прокурор Айдар Жүнісбеков соттан апелляциялық шағымды қараусыз қалдыруды сұрады. Прокурор Еңбекші аудандық соты шығарған үкімнің "заңды әрі дәлелді" екенін жеткізді.

Кеңесу бөлмесіне кеткен сот алқасы шамамен 20 минуттан соң үкім оқыды. Судья Зиядинхан Пірнияз Еңбекші аудандық сотының үкімі заңды екенін айтып, апелляциялық шағымды қанағаттандырудан бас тартты.

Лариса Харькова Азаттыққа өзіне қатысты сот үкіміне қарсы бұдан әрі Жоғарғы сот пен Халықаралық сотқа шағым түсіретінін айтты.

XS
SM
MD
LG