Accessibility links

ФСБ: Қырымда "мемлекетін сатқан" екі ресейлік ұсталды


ФСБ қызметкерлерінің әскери қызметкер Дмитрий Довгополовты тұтқындап жатқан сәті.
ФСБ қызметкерлерінің әскери қызметкер Дмитрий Довгополовты тұтқындап жатқан сәті.

Ресей аннексиялап алған Қырымның әкімшілік орталығы Симферопольде Федералдық қауіпсіздік қызметінің (немесе ФСБ) қызметкерлері ресейлік әскери қызметкер Дмитрий Довгополов пен Анна Сухоносованы "мелекетке сатқындық жасады" деген күдікпен тұтқындады.

ФСБ-ның хабарлауынша, Довгополов пен Сухоносова Украина арнайы қызметіне "Қара теңіз флотының әскери бөлімдері мен құрамаларының қызметі туралы құпия мәліметтер" берген. Арнайы қызмет күдіктілердің нақты қандай ақпарат бергенін айтпайды. Довгополов Украина барлау қызметіне "мемлекеттік құпия мәліметтерді бермек болғанын" мойындаған.

Ұсталғандарға қатыстыт мемлекетке сатқындық жасау бабы бойныша қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап бойынша 12-ден 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

XS
SM
MD
LG