Accessibility links

"Алматы туры - 2017" веложарысы басталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін Алматыда бесінші халықаралық "Алматы туры - 2017" тас жолдағы велобәйгесі басталды деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері.

Екі күнге жалғасатын биылғы жарысқа 17 елден қатысып жатқан жиырма команданың арасында Қазақстаннан үшеу - "Астана" кәсіби велокомандасы, Қазақстан ұлттық құрамасы және Vino - Astana Motors тобы бар.

Жалпы жүлде қоры 39 мың еуроны құрайтын веложарыстың жеңімпазы мен жүлдегерлері жексенбі күні белгілі болмақ.

XS
SM
MD
LG