Accessibility links

Алматы облысында көлік апатынан алты адам мерт болған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматы облысындағы Қапшағай-Бақанас жолының 66-шақырымында жұма күні кешке BMW және Geely маркалы екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, салдарынан 6 кісі мерт болып, бес адам жарақат алған. Бұл туралы бүгін жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Қаза болғандардың бірі - бала. Зардап шеккендер арасында 9 айлық нәресте бар деп хабарланды.

Апат салдарынан мыжылып қалған көліктердің ішінде қалған адамдарды шығару үшін темір кесетін құралдарды пайдалануға тура келген.

Алматы облыстық ішкі істеп департаментінің баспасөз қызметі полицияның "Көлік жүргізушісінің жол қозғалысы немесе көлік құралын пайдалану ережелерін бұзуы" бабы бойынша іс қозғап, оқиғаны тексеріп жатқаны туралы хабарлаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, BMW жүргізушісі алдында келе жатқан басқа автомобильді басып озу үшін жолдың қарсы бағытына шыққан кезде бетпе-бет келген Geely көлігімен соқтығысқан.

XS
SM
MD
LG